Мәзір
Футбол

«Ордабасы» клубы өзбек футболшысына өтемақы төлейтін болды

Сабина Асқарқызы 155 қаралым
«Ордабасы» клубы өзбек футболшысына өтемақы төлейтін болды

Өзбекстандық футболшы Шохбоз Умаров пен шымкенттік «Ордабасы» клубы арасындағы қаржылық дау шешімін тапты. FIFA сарапшыларының (Эмилио Гарсия Сильверо басшылығымен) шешімі бойынша, клуб ойыншыға 31,6 миллион теңге өтемақы төлеуге міндеттелді.

Ташкенттің «Пахтакор» клубының түлегі Шохбоз Умаров Қазақстанға 2022 жылдың жазында келген. Оның дебюті Павлодардың «Ақсу» командасына қарсы өткен Қазақстан кубогы матчында болды.

Айта кетейік, өзбек жартылай қорғаушыны «Ордабасы» бастапқыда Беларусьтің БАТЭ клубынан жалға алған еді. Маусым соңында шымкенттіктер футболшыны толық сатып алып, оның трансфері үшін 50 мың еуро төлеген.

Умаров үш маусым бойы «Ордабасы» құрамында өнер көрсетті. Осы уақыт ішінде ол:

77 матч өткізді;

7 гол соқты;

7 нәтижелі пас берді;

2022 жылы –  Қазақстан кубогын,

2023 жылы – ел чемпионатын жеңіп алды.

Маусым алдында Шохбоз Умаров Instagram парақшасында жанкүйерлерге ризашылығын білдіріп, командамен қоштасқан болатын:

«Осы үш жылда мені қолдап, бірге қуанып, бірге уайымдаған әр адамға алғыс айтамын», –  деп жазды футболшы.

Фото: "Ордабасы" ФК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар