Мәзір
Футбол

«Ордабасы» футболшысы 16 млн теңге бонус алған

Сабина Асқарқызы 78 қаралым
«Ордабасы» футболшысы 16 млн теңге бонус алған

Әлеуметтік желіде Кабо-Вердеден келген футболшы Жоао Паулиньо мен «Ордабасы» футбол клубы арасындағы еңбек шартына қосымша келісімнің суреті тарады.

ASnews.kz сайтының жазуынша, құжатқа сәйкес, шымкенттік клуб легионерге ай сайын 5 422 222 теңге көлемінде жалақы төлейді. Салықтарды шегергеннен кейін ойыншының қолына 4 880 000 теңге тиеді.

Сонымен қатар футболшыға бірқатар көтерме бонус қарастырылған. Оның ішінде ең көлемдісі – пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақы, ол 16 733 333 теңге (салықсыз – 15 060 000 теңге) болып бекітіліп, 31 тамызға дейін төленуі тиіс болған.

Құжат екі тілде – қазақ және орыс (түпнұсқада ағылшын және орыс) тілдерінде толтырылған. Оған клуб президенті Асхат Сейсембек пен футболшының өзі қол қойған.

Айта кетерлігі, құжаттың ағылшын нұсқасында клуб президенті ретінде бұрынғы басшы Бауыржан Абдубаитов көрсетілген, бұл да көпшіліктің назарын аударды.

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар