457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Ордабасы» футбол клубын кәсіпкер Шахмұрат Мүтәліп сатып алды

Инвестор «Ордабасы» клубын ұзақ мерзімді, әлеуметтік маңызы бар жоба ретінде дамытатынын мәлімдеді.

Шымкент әкімдігінде «Ордабасы» кәсіби футбол клубын жекешелендіру туралы меморандумға қол қойылды. Құжатқа қала әкімі Ғабит Сыздықбеков пен «Integra Construction KZ» ЖШС басшылығы қол қойды.

Бұл қадам Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кәсіби клубтарды жекешелендіру және коммерцияландыру жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асырылып отыр.

Меморандум жеке инвестиция тартуды, клубты нарықтық басқару моделіне көшіруді және заманауи корпоративтік стандарттарды енгізуді көздейді. Сондай-ақ инфрақұрылымды жаңарту, жаттығу базасын дамыту, басқаруды цифрландыру және клубтың қаржылық тиімділігін арттыру жоспарланған.

Әкімнің айтуынша, бұл шешім Шымкенттің футбол орталығы ретіндегі мәртебесін күшейтіп, клубтың ұлттық және халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Ал инвестор тарап «Ордабасы» клубын ұзақ мерзімді, әлеуметтік маңызы бар жоба ретінде дамытатынын мәлімдеді.

Фото: Шымкент қаласының әкімдігі