«Ордабасы» «Елімайдың» 22 жастағы қорғаушысын өз қатарына қосқысы келеді
Қазақстан құрамасының қорғаушысы Арсен Әшірбекке Қазақстан Премьер-лигасының көшбасшысы «Ордабасы» қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды malimsports.kz.
Инсайдер Эльдар Аманбаевтың мәліметінше, шымкенттік клуб келесі маусымда «Елімайдың» 22 жастағы қорғаушысын өз құрамына қосуды жоспарлап отыр.
Биылғы Қазақстан Премьер-лигасы маусымында Арсен Әшірбек 19 матчқа қатысып, бір гол соқты.
Мәліметке сәйкес, «Ордабасы» келесі маусымда бірден үш турнирде қатар өнер көрсету үшін құрамын едәуір күшейтуді көздеп отыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін Украина құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Эдмар Қазақстан Премьер-лигасы клубтарының бірін жаттықтыруы мүмкін екені хабарланған болатын.
Фото: "Елімай" ФК
Әлібек Қасым ресейлік клубтан түскен ұсыныстан бас тартты
Ең көп оқылған