457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Ордабасы» биылғы маусымда алғаш рет жеңілді

Кездесу қарқынды басталып, 16-минутта алаң иелері алға шықты

Қазақстан Премьер-лигасының 17-туры аясында ақтаулық «Каспий» Қызылордадағы «Қайсар Аренада» чемпионат көшбасшысы шымкенттік «Ордабасыны» қабылдады, деп жазады malimsports.kz informsport.kz-ке сілтеме жасап. 

Кездесу қарқынды басталып, 16-минутта алаң иелері алға шықты. Беларусьтік футболшылардың нәтижелі үйлесімі сәтті аяқталып, Александр Климович Евгений Седьконың пасынан кейін есеп ашты. Бірінші таймның соңына қарай «Ордабасы» таразы басын теңестіріп, Берн Йонсен 42-минутта гол соқты.

Екінші таймда ақтаулық ұжым шабуылдағы белсенділігін арттырды. 56-минутта Рамазан Абылайхан «Каспийді» қайтадан алға шығарса, 81-минутта Силла есеп айырмасын екі допқа жеткізді. Қонақтар қосымша уақытта Жасұланның дәл соққысымен бір гол қайтарғанымен, матч тағдырын өзгерте алмады.

Осылайша, «Ордабасы» биылғы Қазақстан Премьер-лигасындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады. Бұған дейін шымкенттік команда 16 матч бойы ешкімге есе жібермей, қатарынан алты ойында жеңіске жеткен болатын.

Соған қарамастан, «Ордабасы» 40 ұпаймен турнир кестесінің көшін бастап тұр. Ал «Каспий» маңызды үш ұпайдың арқасында 17 ұпай жинап, турнирлік кестеде 12-орынға көтерілді.

Қазақстан Премьер-лигасы. 17-тур

«Каспий» – «Ордабасы» – 3:2

Голдар: Климович, 16, Абылайхан, 56, Силла, 81 – Йонсен, 42, Жасұлан, 90+1.

Фото:  «Ордабасы»