457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Оқжетпес» футбол клубына жаңа бапкер келді

Ринат Әлеуетов – қазақстандық футболда мол тәжірибе жинақтаған маман

Ринат Әлеуетов «Оқжетпес» футбол клубының тізгінін ұстады. Ол осыған дейін бас бапкер қызметін атқарған Қайрат Нұрдәулетовтің орнын басты.

Жаңа бас бапкерді клуб ұжымына және футбол сүйер қауымға Көкшетау қаласының әкімі, облыстық футбол федерациясының президенті Ануар Күмпекеев таныстырды. Кездесу барысында алдағы маусымға қойылған негізгі мақсат-міндеттер айтылып, команда, басшылық пен жанкүйерлер арасындағы бірліктің маңызы ерекше атап өтілді.

Ринат Әлеуетов – қазақстандық футболда мол тәжірибе жинақтаған маман. Ол Премьер-лигада «Жетісу», «Жеңіс», «Тұран» және «Каспий» клубтарында еңбек еткен.

2023 жылы «Елімай» клубының Бірінші лигадағы чемпиондық маусымында бас бапкердің көмекшісі ретінде жұмыс істеп, команданың тарихи жетістігіне елеулі үлес қосты.

Сонымен қатар Ринат Мұратұлы жас ойыншыларды дамыту бағытында да жүйелі жұмысымен танылған. Ол «Алтай» футбол орталығында (Өскемен), «Жетісу» жастар командасында және Қазақстанның U-16 жасөспірімдер құрамасында қызмет атқарған.

Фото: qfl.kz