Мәзір
Футбол

«Оқжетпес» футбол клубын қытайлық компания сатып алуы мүмкін

Сабина Асқарқызы 133 қаралым
«Оқжетпес» футбол клубын қытайлық компания сатып алуы мүмкін

Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Давид Лория желіде тараған «Оқжетпес» футбол клубы Қытай компаниясына сатылуы мүмкін деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

Лорияның айтуынша, қазір бұл мәселеге байланысты әлеуетті инвесторлармен келіссөздер жүріп жатыр.

«Әзірге күте тұрайық. Менің білуімше, әлеуетті инвесторлармен келіссөздер жүргізілуде. Кейін бұл бастаманың қаншалықты жүзеге асатынын көретін боламыз. Шын мәнінде, егер шетелдік инвестор қазақстандық клубқа капитал салуға дайын болса, бұл өте қызықты тәжірибе болар еді», – деді Давид Лория Үкімет кулуарында.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Қазақстанда футбол клубтарын жекешелендіру процесі жүріп жатыр.

Фото: "Оқжетпес" ФК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар