Opta суперкомпьютері Чемпиондар лигасының басты фаворитін атады
Статистикалық Opta платформасының суперкомпьютері Чемпиондар лигасының 1/8 финал матчтары аяқталғаннан кейін турнирдің басты фаворитін анықтады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Есептеулерге сәйкес, Арсенал жеңіске жетуге ең жақын команда саналады.
Лондондық клубтың турнирді ұтып алу мүмкіндігі шамамен 30 пайызға бағаланған. Ал финалға шығу ықтималдығы 51,3 пайызды құрайды.
Фавориттер тізімінде екінші орында Бавария (18,33%), үшінші орында Барселона (15,66%) тұр.
Өткен жылғы чемпион Пари Сен-Жермен титулын қорғау мүмкіндігі 11,87 пайыз деп бағаланған.
Ширек финалда «Арсенал» лиссабондық «Спортингпен», «Бавария» мадридтік «Реалмен», «Барселона» «Атлетикомен», ал ПСЖ «Ливерпульмен» кездеседі.
Фото: Ашық дереккөзден
Конференция лигасы: ширек финалға шыққан командалар анықталды
Ең көп оқылған