«Ол футболды бала секілді жақсы көреді». «Милан» Модрич феноменін түсіндірді
Француз жартылай қорғаушысы Адриен Рабио 40 жастағы хорват жұлдызы Лука Модричтің «Реалдан» кейін «Миланға» келіп, тағы бір Еуропаның топ-лигасында өзін сынауға бел буғанына қатысты пікір білдірді.
Рабио Модричтің таңқаларлық еңбекқорлығын, кәсібилігін және футболға деген шексіз сүйіспеншілігін ерекше атап өтті.
«Ол футболды бала сияқты жақсы көреді. Орталық алаңда өзара түсіністігіміз тамаша. Қырық жасында оның жеңіске деген жігері, еңбекқорлығы мен тынымсыз талпынысы мені әлі күнге дейін таңғалдырады. Маған да 40 жасқа келгенде сондай мотивация бұйырса екен», – дейді Рабио pianetamilan.it басылымына берген сұхбатында.
Лука Модрич «Миланға» биыл шілдеде «1+1» схемасымен келісімшартқа отырып келді. Бұған дейін ол «Реал» (Мадрид), «Тоттенхэм» (Англия), «Динамо» (Загреб), «Интер» (Запрешич) және босниялық «Зриньски» клубтарында ойнаған.
Аталмыш футболшы 2018 жылы «Алтын доптың» иегері атанған.
Фото: ©Depositphotos.com/canno73
Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыққан алғашқы бес команда анықталды
Ең көп оқылған