Мәзір
Футбол

Офсайд ережесі өзгеруі мүмкін: IFAB Венгердің ұсынысын талқылайды

Сабина Асқарқызы 86 қаралым
Офсайд ережесі өзгеруі мүмкін: IFAB Венгердің ұсынысын талқылайды

Футбол ережелеріне жауапты Халықаралық футбол қауымдастықтары кеңесі (IFAB) офсайдты анықтау тәртібіне қатысты маңызды өзгерістерді қарастыруға дайындалып жатыр, деп хабарлайды malimsports.kz.

Күн тәртібіндегі басты мәселе – «Венгер ережесі» деп аталатын бастама. Арнайы отырыс 20 қаңтарда Лондонда өтеді.

Егер бұл ұсыныс алғашқы кезеңде қолдау тауып, ақпан айында өтетін жалпы жиналысқа шығарылса, оның қабылдану ықтималдығы жоғары. Мұндай жағдайда жаңа ереже 2026/27 маусымынан бастап ресми түрде енгізілуі мүмкін.

Ұсыныстың негізгі мақсаты – жанкүйерлер мен мамандар арасында жиі сынға ұшырайтын «миллиметрлік офсайдтардан» бас тарту. Бұл дегеніміз: шабуылдаушы ойыншы соңғы қорғаушыдан гол соғуға болатын дене мүшесімен – аяғы немесе басымен – анық әрі толық алда тұрған жағдайда ғана офсайд тіркеледі. Ал аяқ ұшы, иықтың миллиметрлік артықшылығы сияқты даулы сәттер өткеннің еншісінде қалады.

Бұл бастаманың авторы – аты аңызға айналған бапкер, «Арсеналдың» бұрынғы бас жаттықтырушысы Арсен Венгер. Қазіргі таңда ол ФИФА-ның жаһандық футболды дамыту жөніндегі департаментін басқарады.

 

 

Фото: instagram.com/plfoot

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар