Мәзір
Футбол

Нұралы Әліп «Зенит» сапында Ресей Суперкубогын төртінші рет жеңіп алды

Сабина Асқарқызы 72 қаралым
Нұралы Әліп «Зенит» сапында Ресей Суперкубогын төртінші рет жеңіп алды

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп «Зенит» сапында Ресей Суперкубогының төрт дүркін иегері атанды, деп хабарлайды malimsports.kz. 

2026/27 жылғы маусымның Суперкубогы үшін өткен матчта петерборлық клуб «Спартакты» пенальти сериясында 4:2 есебімен жеңді. Негізгі уақыт 1:1 есебімен аяқталды.

Нұралы Әліп кездесуді қосалқы құрамда өткізді. Алайда матч соңында алаңдағы жаппай төбелеске қатысып, сары қағаз алды.

Бұл - Әліптің «Зенит» сапындағы тоғызыншы жүлдесі. Ол клубпен бірге Ресей чемпионаты мен Суперкубогын төрт реттен жеңіп алған. Сонымен қатар бір рет Ресей кубогының иегері атанды.

Фото: Ашық дереккөзден 

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар