Нұралы Әліп: «Ұлттық құраманың матчтарын қатты күттім»

Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Уэльс құрамасына қарсы матч туралы пікірін білдірді, деп хабарлайды malimsports.kz.
"Ұлттық құраманың матчтарын асыға күттім. Жігіттер бір-бірін сағынып қалғаны байқалады. Бәрі ертеңгі ойынға тас-түйін дайын. Жаттығуларда барымызды салып, бапкерлік штабтың тапсырмаларын орындап жүрміз. Ертең біртұтас әрі жақсы ойын көрсетеміз деп сенемін, - деді ол.
Сондай-ақ, құрама қорғаушысы капитаны болуға деген көзқарасын да жеткізді.
"Бас бапкер айтқандай, бұл мәселені бүгін кешке команда болып шешеміз. Егер мені капитан етіп тағайындаса, әрине, мойныма үлкен жауапкершілік артылмақ. Көп жыл бойы Асхат ағамыз капитан болды. Егер капитан болсам, алаңда да, оның сыртында да көшбасшы болуға тырысамын", - деді Нұрәлі Әліп.
Бұдан бөлек, футболшы ұлттық құраманың базасына әрқашан көтеріңкі көңіл-күймен келетінін айта келе, ойыншылардың барлығы ертеңгі кездесуге тас-түйін даяр екенін атап өтті.
Фото: ҚР футбол федерациясы


Ең көп оқылған
