Санкт-Петербургтің Зенит клубы мен Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп болашақ мансабына қатысты ойын айтып, не себепті Түркия Суперлигасына ауысқысы келмейтінін түсіндірді.
Футболшының айтуынша, ол алдағы уақытта ағылшын тілінде сөйлейтін елдің чемпионатында өнер көрсетуді қалайды.
«Жақсы чемпионатқа, ағылшын тілінде сөйлейтін ортаға барған дұрыс деп ойлаймын. Маған Түркияға ауысу қиын. Бахтияр Түркияда «Бешикташ» сияқты топ-клубта ойнады, бірақ мен Түркияға емес, Еуропаның мықты біріншіліктерінің біріне ауысқым келеді. Дегенмен, бәрі менің қолымда емес. Аршавин де ұлттық құрамадағы ойын көп нәрсені шешетінін айтады. Құрамада қалай ойнасам, соған қарай ұсыныстар да болады. Егер чемпионат жақсы болса, міндетті түрде барамын», - деді Нұралы Әліп AS News YouTube арнасына берген сұхбатында.
Еске салайық, Нұралы Әліп 2022 жылдан бері «Зенит» сапында өнер көрсетіп келеді. Ол петербургтік клубқа алматылық Қайрат командасынан ауысқан.
Осылайша, Қазақстан құрамасының капитаны Түркия чемпионатына ауысудан бас тартып, мансабын Еуропаның жетекші біріншіліктерінің бірінде жалғастыруды көздеп отыр.
Фото: әлеуметтік желі