Нұрәлі Әліп «Зениттің» жеңіске жетуіне елеулі үлес қосты
Ресей кубогы аясында "Зенит" командасы өз алаңында "Динамо Махачкала" клубын минималды есеппен жеңіп, жарысты жалғастыру мүмкіндігін сақтап қалды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Санкт-Петербургтегі Газпром Арена стадионында өткен кездесу 1:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды. Ойынның жалғыз голын бірінші таймға қосылған уақытта колумбиялық шабуылшы Джон Дуран пенальтиден соқты.
Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп матчты негізгі құрамда бастап, кездесуді толық өткізді. Ол қорғаныста сенімді ойнап, командасының қақпасын голдан аман сақтауға үлес қосты.
Осы жеңістің арқасында «Зенит» жартылай финалдың екінші кезеңіне жолдама алып, келесі сатыда Спартак Мәскеу командасымен кездеседі. Бұл жұптың жеңімпазы турнирдің келесі кезеңіне өтеді.
Айта кетейік, РПЛ жолының финалына Краснодар мен Динамо Мәскеу клубтары шыққан. Екі матчтан тұратын текетіресте суперфиналға жолдама сарапқа салынады.
Фото: "Зенит" ФК
Чемпиондар лигасының ширек финалына қандай клубтар жолдама алды
Ең көп оқылған