Николай Костов «Ақтөбе» клубының бас бапкері қызметінен кетті
Болгариялық маман Николай Костов екі жақтың келісімі бойынша "Ақтөбе" футбол клубының бас бапкері қызметінен кетті, деп хабарлайды malimsports.kz.
Бұл туралы команданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
62 жастағы бапкер өткен маусымның ортасында тізгінді қолға алып, команданы Қазақстан Премьер-лигасында бесінші орынға жеткізген еді. 2025 жылдың тамызынан бері оның жетекшілігімен клуб ҚПЛ аясында 10 матч өткізіп, 4 жеңіс, 1 тең ойын және 5 жеңіліс тіркеді.
Костовпен бірге оның көмекшілері Йоан Даниелов-Атанасчев пен Михаил Цоков та командадан кетті.
Айта кетейік, биыл клуб ресми түрде Qazaq Stroy Properties компаниясының жекеменшігіне өткен болатын. Сондай-ақ команда құрамын португалиялық жұлдыз Луиш Нани толықтырды.
Маусым басында «Ақтөбе» алғашқы үш турда бір ғана жеңіске жетіп, екі матчта жеңіліс тапты.
Фото: "Ақтөбе" ФК
Ең көп оқылған