457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Нигерия құрамасы Африка кубогында қола жүлде иеленді

Үшінші орын үшін өткен матчта нигериялықтар Мысыр құрамасымен кездесіп, пенальти сериясында басым түсті.

Мароккода өтіп жатқан Африка ұлттар кубогында Нигерия ұлттық құрамасы үшінші орын алып, қола медальға қол жеткізді, деп хабарлайды malimsports.kz

Үшінші орын үшін өткен матчта нигериялықтар Мысыр құрамасымен кездесіп, пенальти сериясында басым түсті. Кездесудің негізгі уақыты 0:0 есебімен аяқталды. Ал матч тағдыры пенальти тебу кезінде шешілді. Бұл сында Нигерия құрамасы 4:2 есебімен жеңіске жетті. Мысыр футболының басты жұлдыздары - Мохамед Салах пен Омар Мармуш өз соққыларын мүлт жіберіп, командасын тығырықтан алып шыға алмады.

Айта кетерлігі, бұл — Нигерия құрамасының Африка кубогындағы тоғызыншы қола жүлдесі. «Супер бүркіттер» бұған дейін де құрлықтық додада бірнеше мәрте үздіктер қатарынан көрінген. Ал алдыңғы, 2023 жылғы турнирде нигериялықтар финалға дейін жетіп, шешуші ойында Кот-д’Ивуар құрамасына жол берген болатын.

Ал биылғы Африка ұлттар кубогының финалдық кездесуі 18 қаңтарда өтеді. Чемпиондық атақ үшін алаңға Марокко мен Сенегал құрамалары шығады.

Фото:  Global Look Press