457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Неймардың клубтасы ҚПЛ-ға ауысудан бас тартты

Трансферге португалиялық «Маритиму» клубы араласып, ойыншыға анағұрлым тиімді ұсыныс жасаған.

Бразилиялық жартылай қорғаушы Кауан Перейраның «Сантос» клубынан Қызылорданың «Қайсар» командасына ауысуы соңғы сәтте жүзеге аспай қалды, деп хабарлайды malimsports.kz

Бұл туралы AmanVIBE порталы жазды. Мәліметке сәйкес, жас футболшымен келісімшарттың барлық шарттары алдын ала келісілген. Алайда трансферге португалиялық «Маритиму» клубы араласып, ойыншыға анағұрлым тиімді ұсыныс жасаған.

Қазіргі маусымда Перейра «Сантостың» жастар командасы сапында төрт матч өткізген. Келісімнің бұзылғанына қарамастан, оның Қазақстанда карьерасын жалғастыру мүмкіндігі әлі де жоққа шығарылмайды.

Егер португалиялық клубқа ауысу қандай да бір себептермен жүзеге аспай қалса, шабуылдаушы жартылай қорғаушының Қазақстан Премьер-Лигасында өнер көрсету ықтималдығы жоғары екені атап өтілді.

Фото: AmanVIBE.