Италия чемпионатының 20-турында «Интер» командасына қарсы өткен матчтағы әрекеттеріне байланысты «Наполи» клубының бас бапкері Антонио Конте екі ойынға шеттетілді, деп жазады malimsports.kz.
Corriere della Sera басылымының жазуынша, 56 жастағы маман екінші таймда эмоциясына ие бола алмай, өз командасына қарсы тағайындалған пенальти кезінде төрешінің біріне наразылық танытқан. Сол сәтте ол қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.
Осылайша, Антонио Конте «Парма» және «Сассуоло» командаларына қарсы өтетін матчтарды трибунадан бақылауға мәжбүр болып отыр.
Айта кетсек, «Наполи» клубы 39 ұпаймен Италия Серия А-сының турнир кестесінде үшінші орында тұр.
Фото: Ашық дереккөзден