Мәзір
Футбол

Нанидің Қазақстан Премьер-Лигасында қанша гол соғу мүмкіндігіне болжам айтылды

Сабина Асқарқызы 76 қаралым
Нанидің Қазақстан Премьер-Лигасында қанша гол соғу мүмкіндігіне болжам айтылды

Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Вячеслав Эрбес 39 жастағы португалиялық футболшы Нанидің Қазақстан Премьер-Лигасындағы жаңа маусымда қанша гол соға алатыны туралы пікірін айтты, деп жазады malimsports.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап. 

«Ақтөбе» биыл өте мықты құрам жасақтап жатыр деп оқыдым. Демек, легионерлер де әлсіз болмайды. Бапкерлер Нанидің қазіргі формасын қарап шыққаны анық. Оның тәжірибесі мен шеберлігін ескерсек, жақсы серіктестермен бірге ол осы маусымның үздігі атана алады. Кем дегенде 18-20 гол соғуы мүмкін. Егер пенальти де орындайтын болса, бұл көрсеткіш одан да артуы ықтимал, - деді маман.

Естеріңізде болса, «Манчестер Юнайтедтің» бұрынғы футболшысы Ақтөбе клубымен бір жылдық келісімшартқа қол қойған. Нани - Англия Премьер-Лигасының төрт дүркін чемпионы, Чемпиондар лигасының жеңімпазы және Португалия құрамасы сапында Еуропа чемпионы атанған футболшы.

Фото: Ашық дереккөзден 

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар