Мәзір
Футбол

Нанидің «Ақтөбеге» қашан қосылатыны белгілі болды

Сабина Асқарқызы 104 қаралым
Нанидің «Ақтөбеге» қашан қосылатыны белгілі болды

Португалиялық жартылай қорғаушы командамен жақын күндері жаттығуға кіріседі.

«Ақтөбе» футбол клубы 25 ақпанға дейін жалғасатын екінші оқу-жаттығу жиынына қатысатын ойыншылардың тізімін жариялады. Түркияға аттанған футболшылар қатарында қызыл-ақтардың жұлдызды жаңа ойыншысы - португалиялық жартылай қорғаушы Луиш Нани жоқ.

Amanvibe.kz мәліметінше, бұрын Манчестер Юнайтед сапында өнер көрсеткен тәжірибелі футболшы клуб басшылығы мен жаттықтырушылар штабының келісімімен командаға 6-7 ақпан күндері қосылады. Осыдан кейін Нани «Ақтөбемен» бірге Қазақстанға оралады.

Клуб өкілдерінің күтуінше, Еуро-2016 чемпионы Қазақстан Премьер-лигасының алғашқы турында жаңа командасы сапында дебют жасауға толық дайын болады.

Фото: «Ақтөбе» клубының баспасөз қызметі

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар