Мәзір
Футбол

«Нани жоқ». «Ақтөбе» Түркиядағы жиынға шақырылған футболшыларының тізімін жариялады

Сабина Асқарқызы 124 қаралым
«Нани жоқ». «Ақтөбе» Түркиядағы жиынға шақырылған футболшыларының тізімін жариялады

«Ақтөбе» футбол клубы Түркиядағы екінші оқу-жаттығу жиынына қатысатын ойыншылар тізімін жариялады. 

Алайда жарияланған құрамнан ақтөбеліктердің жұлдызды жаңа ойыншысы – 39 жастағы португалиялық вингер Луиш Нани табылмады.

«Ақтөбе» клубының Түркиядағы екінші оқу-жаттығу жиынына арналған құрамы:

Қақпашылар:
Александр Заруцкий, Игорь Трофимец, Саятхан Құсайынов, Парасат Қорғанбаев;

Қорғаушылар:
Бағдат Қайыров, Талғат Құсяпов, Иван Ордец, Темірлан Ерланов, Әділхан Таңжарықов, Тимур Досмағамбетов;

Жартылай қорғаушылар:
Георгий Жуков, Еркебұлан Сейдахмет, Аян Байдаулетов, Арман Кенесов, Никита Корзун, Агустин Пасторица, Айдин Желькович, Марио Рабиу;

Шабуылшылар:
Мирам Кикбаев, Артур Шушеначев, Даниэль Соса, Айбар Абдулла.

Айта кетейік, «Ақтөбенің» екінші оқу-жаттығу жиыны 25 ақпанға дейін жалғасады. Жаңа маусымға дайындық аясында команда төрт бақылау матчын өткізуді жоспарлап отыр.

Фото: «Ақтөбе» клубының баспасөз қызметі

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар