457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Нағыз шабуылшы»: «Челси» жанкүйерлері Дастан Сәтпаевты Мбаппеге теңеді

17 жастағы қазақстандық футболшы қазірдің өзінде Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде гол соғып үлгерген.

Лондондық «Челси» клубының жанкүйерлеріне арналған O-O-P парақшасы Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаевтың клубтағы болашағына жоғары баға берді, деп жазады malimsports.kz

Жанкүйердің пікірінше, 17 жастағы қазақстандық футболшы қазірдің өзінде Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде гол соғып, ұлттық құраманың сапында ойнап үлгерген. Сонымен қатар оның ойын мәнері Серхио Агуэро мен Килиан Мбаппенің стиліне ұқсайтыны айтылған.

«Сәтпаев – қалыптасу үстіндегі нағыз машина. Оның екі аяқпен бірдей ойнауы, тар кеңістікте еркін қимылдауы және шабуылдағы өткірлігі ерекше әсер қалдырады. «Челси» болашақ супержұлдыздардың жаңа буынын қалыптастырып жатыр, ал Сәтпаев сол жобаның дәл ортасында болады», - деп жазды жанкүйерлік парақша авторы.

Қазіргі уақытта Дастан Сәтпаев «Челсидің» негізгі құрамымен бірге Аустралиядағы маусым алдындағы оқу-жаттығу жиынына қатысып жүр. Жолдастық кездесулерден кейін бас бапкер Хаби Алонсо қазақстандық футболшының алдағы тағдырына қатысты шешім қабылдайды. Ол негізгі құрамда қалуы немесе тәжірибе жинақтау үшін басқа клубқа жалға берілуі мүмкін.

Фото: Sports.kz.