Надежда Дубовицкая Азия чемпионатында күміс жүлде жеңіп алды
Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының мүшесі Надежда Дубовицкая биіктікке секіруден жабық кешендегі Азия чемпионатында күміс медаль иеленді.
Құрлықтық дода Қытайдың Тяньцзинь қаласында өтіп жатыр.
Қазақстандық спортшы финалда 1,87 метр нәтижесін көрсетті. Бұл сайыста алтын медаль Өзбекстан спортшысына бұйырса, үндістандық атлет те дәл осы нәтижемен күміс жүлдеге қол жеткізді.
Надежда Дубовицкая 1998 жылы 12 наурызда Семей қаласында дүниеге келген. Ол 2022 жылы жабық кешендегі әлем чемпионатында қола медаль алған. Сондай-ақ 2018 және 2023 жылдары Азия ойындарында үздік үштікті түйіндеген.
Айта кетейік, Дубовицкая 2019 жылы Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанса, жабық кешендегі Азия чемпионатында 2023 жылы алтын, 2018 жылы қола жүлде жеңіп алған.
Қазіргі таңда Азия біріншілігінде Қазақстан қоржынына бірнеше медаль түсті. Атап айтқанда:
Нора Джеруто – 3000 метрде алтын, 1500 метрде қола
Алина Чистякова – бессайыста алтын
Мария Ефремова – үш қарғып секіруден қола
Бұл Надежда Дубовицкаяның жүлдесі Қазақстан құрамасының аталған жарыстағы бесінші медалі болды.
Құрлықтық дода бүгін мәресіне жетеді. Чемпионатқа Asian Athletics құрамына кіретін 24 елдің спортшылары қатысуда.
Фото: Qazathletics.kz
Карло Анчелотти Неймарды тағы да Бразилия құрамасына шақырмады
Ең көп оқылған