Мохамед Салахқа MLS-ке ауысудан бас тартуға кеңес берді
Мысыр құрамасының өкілі Ибрагим Хассан шабуылшы Мохамед Салахқа «MLS» лигасына ауыспауға кеңес берді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Оның айтуынша, бұл лигада футболшы назардан тыс қалып, Лионель Месси сияқты көп еске алынбай қалуы мүмкін.
Мысыр құрамасының капитаны 24 наурызда маусым соңында Ливерпуль клубынан кететінін мәлімдеген болатын. Ол бұл командада 2017 жылдан бері өнер көрсетіп келеді.
Ибрагим Хассанның пікірінше, 33 жастағы Салахтың Еуропада қалғаны дұрыс. Себебі оған Пари Сен-Жермен, Бавария және Италия чемпионатының клубтары қызығушылық танытып отыр.
MLS-ке ауысу мүмкіндігі туралы сұраққа Хассан: «Ол көпшіліктің назарынан тыс қалады. Қазір мен Лионель Мессині қаншалықты сирек еске алсам, Салах та солай ұмыт қалуы мүмкін», – деді.
Сондай-ақ, ол Еуропада нұсқалар болмаған жағдайда Салахқа Сауд Арабиясы чемпионатына баруды ұсынды. Бұл лигада Криштиану Роналду, Карим Бензема секілді жұлдыздар өнер көрсетіп жатқаны белгілі.
Фото: Getty Images
Ең көп оқылған