457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Модрич мансабын қай клубта аяқтағысы келеді?

Хорват футболшысы А Сериясындағы барлық 15 матчта негізгі құрамда алаңға шықты

Италиялық «Милан» клубының жартылай қорғаушысы Лука Модрич кәсіби мансабын қай командада аяқтағысы келгені белгілі болды.

Бұл шешім Мадридтің «Реал» басшылығына ұнамаған, деп хабарлайды Mundo басылымы.

40 жастағы хорват футболшысы «Реал» сапында 13 маусым бойы өнер көрсетіп, клуб тарихындағы ең атақты ойыншылардың біріне айналды. Ол мадридтік командамен бірге 28 трофей жеңіп алып, «Алтын доптың» иегері атанды.

Дереккөздің мәліметінше, Лука Модрич бірнеше рет «Реал» басшылығына мансабын дәл осы клубта аяқтағысы келетінін жеткізген. Тіпті жалақысын қысқартуға да дайын болған. Алайда «корольдік клуб» басшылығы тәжірибелі ойыншыдан бас тартып, жас футболшыларға сенім артуды жөн көрді. Атап айтқанда, мадридтіктер Арда Гюлер, Орельен Тчуамени, Эдуардо Камавинга және Федерико Вальверде секілді жас ойыншыларға ставка жасаған.

Айта кетейік, «Реалдың» бас бапкері Хаби Алонсо да Модричті командада қалдырғысы келген. Дегенмен бұл мәселеде соңғы шешім бапкерге тәуелді болмаған.

Нәтижесінде Лука Модрич мансабын Италияда жалғастырып, «Миланға» ауысты. Хорват футболшысы А Сериясындағы барлық 15 матчта негізгі құрамда алаңға шығып, соңғы жылдары Мадридте сирек мүмкіндік алғанын ескерсек, жаңа клубында екінші тынысын ашқандай әсер қалдырды.

Фото: ФК "Милан"©