Месси тарихи рекорд орнатып, «Интер Майамиді» MLS ширек финалына алып шықты
MLS плей-оффының 1/8 финалындағы үшінші, шешуші матч АҚШ-тың Форт-Лодердейл қаласындағы DRV PNK стадионында өтіп, «Интер Майами» өз алаңында «Нэшвиллді» 4:0 есебімен ойсырата жеңді.
Аргентина футболының аңызы Лионель Месси бұл ойында тағы да жарқырады. Ол екі гол соғып, бір нәтижелі пас берді.
Тадео Альенде де екі голмен көзге түсті, ал Жорди Альба бір ассист жасады.
Осылайша, серия қорытындысы бойынша «Интер Майами» 2:1 есебімен жеңіп, MLS ширек финалына жолдама алды.
Бұл матч Лионель Месси үшін ерекше мәнге ие болды. Ол футбол тарихында алғаш рет 400 нәтижелі пас берген ойыншы атанды.
38 жастағы Месси 2023 жылдан бері «Интер Майами» сапында ойнап келеді. Ол – сегіз дүркін «Алтын доп» иегері, 2022 жылғы әлем чемпионы және екі мәрте Америка кубогының (2021, 2024) жеңімпазы.
Ширек финалда «Интер Майами» шығыс конференциясының көшбасшыларының бірі – «Цинциннатимен» кездеседі.
Фото: © Rich Storry / Stringer / Getty Images Sport / Gettyimages.ru
"Барлығына ұнау мүмкін емес": Шерхан Қалмұрза "сыншылар" туралы пікір білдірді
Ең көп оқылған