Месси қатарынан үшінші пенальтиін де голға айналдыра алмады
«Интер Майами» шабуылшысы Лионель Месси MLS тұрақты чемпионатының «Нэшвиллге» қарсы матчында пенальтиден гол соға алмады. Кездесу алаң иелерінің 4:1 есебімен жеңісімен аяқталды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Месси 23-минутта белгіленген 11 метрлік айып добын орындады. Аргентиналық футболшы допты қақпаның төменгі сол жақ бұрышына бағыттағанымен, «Нэшвилл» қақпашысы Брайан Швейк соққыны қайтарды.
Осылайша 39 жастағы Месси қатарынан үшінші пенальтиін голға айналдыра алмады. Бұған дейін ол 2026 жылғы әлем чемпионатында екі рет 11 метрлік айып добын орындай алмаған еді.
Лионель Месси — сегіз дүркін «Алтын доп» иегері, 2022 жылғы әлем чемпионы, Чемпиондар лигасының төрт дүркін жеңімпазы және Испанияның 10 дүркін чемпионы.
«Интер Майами» 19 ойыннан кейін 38 ұпай жинап, Шығыс конференциясында екінші орында тұр. Ал «Нэшвилл» 43 ұпаймен конференция көшін бастап келеді.
Фото: Getty Images
Әлібек Қасым ресейлік клубтан түскен ұсыныстан бас тартты
Ең көп оқылған