457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Месси дубль жасап, Аргентинаны әлем чемпионатына шығарды

Футболдан Аргентина ұлттық құрамасы 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Венесуэламен кездесіп, Буэнос-Айресте 3:0 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды malimsports.kz.

Алты дүркін «Алтын доп» иегері Лионель Месси матчтың басты қаһарманы атанып, қарсылас қақпасына екі гол соқты. Капитан 39-минутта есепті ашса, 76-минутта дубль авторы болды. Ал 80-минутта Лаутаро Мартинес Аргентинаның үшінші голын енгізіп, кездесудің нүктесін қойды.

Бұл жеңістің арқасында Аргентина Оңтүстік Америка іріктеу тобында бірінші орынды алдын ала қамтамасыз етіп, 2026 жылғы Әлем чемпионатына тікелей жолдама алды. Венесуэла болса әзірге жетінші орында тұр және қосымша іріктеу матчтарына қатысу мүмкіндігін сақтап қалды.

Айта кетейік, алдағы Әлем чемпионаты 2026 жылдың жазында өтеді. Бұл турнир тарихта алғаш рет 48 команда қатысуымен ұйымдастырылмақ. Жарыс үш елде қатар өтеді: АҚШ, Мексика және Канада.