Месси әкесін жерлеу рәсіміне Аргентинаға ұшып келді
Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси әкесін жерлеу рәсіміне қатысу үшін өзінің туған қаласы Росариоға (Санта-Фе провинциясы) ұшып келді, деп хабарлайды malimsports.kz.
68 жастағы Хорхе Мессидің қайтыс болғаны туралы бір күн бұрын белгілі болды. Ол ұзаққа созылған аурудан кейін жергілікті ауруханада көз жұмған.
Месси Флорида штатындағы Форт-Лодердейлден жеке рейспен жергілікті уақыт бойынша сенбі күні кешке Росариоға жетіп, бірден отбасына барды. Жерлеу рәсімі жексенбі, 9 тамыз күні жергілікті зиратта тек жақындары мен туыстарының қатысуымен өтеді.
Хорхе Месси ұлының бүкіл спорттық мансабында оның агенті болған. Үлкен Мессидің денсаулығындағы мәселелер туралы соңғы әлем чемпионаты кезінде белгілі болған еді.
Фото: ашық дереккөзден
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған