457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Месси 39 жасында Пеле заманында футбол ойнай алуы мүмкін бе?

2026 жылғы әлем чемпионатында 35 жастан асқан 72 футболшы тіркелген.

Соңғы 50 жылда футбол ережесі мен тактикасы ғана емес, ойыншылардың физикалық дайындығы да түбегейлі өзгерді. Қазіргі футбол бұрынғыдан әлдеқайда жылдам әрі қарқынды, деп жазады malimsports.kz

Зерттеулерге сәйкес, соңғы жарты ғасырда футболшылар бойшаң әрі сымбатты бола түскен. Бұған сапалы алаңдар, жеңіл жабдықтар және спорттық медицинаның дамуы әсер етті. Бұрын батпақты алаңда ойнаған футболшылар күшке көбірек сүйенсе, қазір ойыншылардың басты артықшылығы - жылдамдық пен жоғары қарқынды ұзақ сақтай алу қабілеті.

Мәселен, 1970 жылдары футболшылардың жылдамдығы сирек жағдайда 30 км/сағаттан асатын. Ал 2022 жылғы әлем чемпионатында кемінде 10 ойыншы 35 км/сағаттан жоғары жылдамдық көрсетті.

Қазіргі футболда ойыншының тез жүгіруі ғана емес, қысқа уақыт ішінде қайта қалпына келуі де маңызды. Бұған жоғары прессинг тактикасы да әсер етті. Соған қарамастан, матчтағы жалпы жүгіріс қашықтығы айтарлықтай өскен жоқ.

Спорттық медицинаның дамуы футболшылардың мансабын да ұзартты. Бұрын 35 жастан кейін жоғары деңгейде ойнау сирек кездессе, қазір 40 жастағы футболшылар ешкімді таңғалдырмайды. Соның дәлелі – 39 жастағы Лионель Мессидің әлем чемпионатында әлі де жоғары деңгейде өнер көрсетуі.

2026 жылғы әлем чемпионатында 35 жастан асқан 72 футболшы тіркелген. Олардың сегізі 40 жастан асқан. Бұл көрсеткіш футболдағы ұзақ ғұмырдың бұрынғыдан әлдеқайда артқанын көрсетеді.

Фото: Getty Images