457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Мец» клубының ойыншысын Швейцариядағы өрт кезінде күйік шалды

Оқыс оқиғадан соң 19 жастағы футболшыны дереу Германияның Штутгарт қаласындағы клиникаға әкелді.

Францияның «Мец» клубының жастар командасында ойнайтын қорғаушы Таирис Дос Сантос Швейцариядағы Кран-Монтана таулы шаңғы курортындағы барда болған өрт кезінде ауыр күйік алды, деп хабарлайды malimsports.kz

19 жасар футболшыны дереу Германияның Штутгарт қаласындағы клиникаға әкелді.

Футболшының агенті RMС Sport басылымына мәлімдегендей, Дос Сантос денесінің 30 пайызын қамтитын күйік алған. Жас қорғаушыны үнемі негізгі командамен жаттығуға тартқан және Франция Кубогының матчтарына қосқан болатын.

Клуб Таиристі Штутгарттағы ауруханадан үйіне жақын жерге көшіруді ұйымдастыруға тырысып жатыр. 

Фото: Ашық дереккөзден