Мбаппе Роналдудың рекордын жаңартты
Мадридтік «Реалдың» франциялық шабуылшысы Килиан Мбаппе УЕФА Чемпиондар лигасындағы нәтижелілік бойынша жаңа рекорд орнатты, деп хабарлайды malimsports.kz.
Түнде өткен жалпы кезеңнің сегізінші турында «Реал» сырт алаңда португалиялық «Бенфикамен» кездесті. Лиссабонда өткен матч 4:2 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды. Кездесудегі соңғы голды «Бенфиканың» украиналық қақпашысы Анатолий Трубин соқты.
«Реал» сапында Килиан Мбаппе дубль авторы атанды. 27 жастағы форвард жалпы кезеңді 7 матчта 13 голмен аяқтады. Оның үшеуі пенальтиден соғылған.
Осы нәтижемен Мбаппе Чемпиондар лигасының жалпы немесе топтық кезеңіндегі ең көп гол соққан ойыншы атанды. Ол 2015/16 маусымында «Реал» сапында 6 матчта 11 гол соққан Криштиану Роналдудың рекордын басып озды.
Алайда «Бенфикадан» жеңілгеннен кейін мадридтік клуб алғашқы сегіздікке ене алмай, 1/8 финалға тікелей жолдама ала алмады. «Реал» жалпы кезеңде тоғызыншы орынға тұрақтап, енді стык матчтарында бақ сынайды.
Фото: Getty Images
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған