457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Мбаппе «Реал» сапындағы бір жылдық гол саны бойынша Роналдудың рекордын қайталады

Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе испаниялық «Реал» клубы сапында бір күнтізбелік жыл ішінде соққан голдар саны бойынша португалиялық Криштиану Роналдудың рекордын жаңғыртты, деп хабарлайды malimsports.kz

Мбаппе 21 желтоқсанда Испания чемпионаты аясында өз алаңында өткен «Севильяға» қарсы матчта (2:0) гол соқты. Осылайша, ол 2025 жылы «Реал» жейдесінде 59 гол авторы атанды. Дәл осындай көрсеткішке Роналду 2013 жылы қол жеткізген болатын.

27 жастағы Мбаппе қазіргі маусымда Испания чемпионатында 18 матчта 18 гол соғып, жоғары нәтижелілік көрсетіп отыр. Сондай-ақ ол Чемпиондар лигасы мен Ла Лигадағы үздік сұрмергендер тізімінде көш бастап тұр.

Айта кетейік, Килиан Мбаппе - 2018 жылғы әлем чемпионы, Франция чемпионы. 

Фото: Ашық дереккөзден