Мбаппе мен «ПСЖ» бір-бірінен сот арқылы 200 миллион еуро талап етті
Францияда ұлттық құраманың капитаны Килиан Мбаппе мен «Пари Сен-Жермен» футбол клубы арасындағы сот дауы өтіп жатыр, деп жазады malimsports.kz.
Француздық Le Monde газетінң іхабарлауынша, Мбаппе «ПСЖ»-дан келісімшартты ұзартудан бас тартқаннан кейін өзін дұрыс құрметтемеді деп 263 млн еуро көлемінде өтемақы талап еткен. Ал клуб қарсы талаппен 240 млн еуро өндіріп алуды сұрап, шабуылшыны «Аль-Хиляльмен» жасалуға тиіс болған ірі трансферді бұзды деп айыптап отыр.
Хабарламада 2023/24 маусымының басында қазіргі «Реал» шабуылшысы клуб жаңа келісімді мақұлдамағаны үшін оны матчтарға жібермей, сатылымға қойылған футболшылармен бірге жаттығуға мәжбүрлегені айтылады. Осы жағдайға байланысты Франция ойыншылар профсоюзы өткен жылы шағым түсірген.
Ал «ПСЖ» өз кезегінде Мбаппені саудиялық «Аль-Хиляль» клубына 300 млн еуроға жасалуы мүмкін болған келісімді бұзды деп есептейді.
Фото: Ашық дереккөзден
"Барлығына ұнау мүмкін емес": Шерхан Қалмұрза "сыншылар" туралы пікір білдірді
Ең көп оқылған