457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Марат Омаровпен сөйлестім»: Берік Уәли «Елімай» жанкүйерлерінің өтінішіне жауап берді

Абай облысының әкімі Берік Уәли Қазақстан Премьер-лигасының 13-туры аясында өткен «Елімай» – «Ордабасы» матчынан кейін туындаған даулы жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Бұған дейін семейлік клуб жанкүйерлері төрешінің әрекетіне байланысты үндеу жариялаған болатын.

Кездесу Семейде өтіп, «Ордабасының» 3:1 есебімен жеңісімен аяқталды. Матчқа төрешілік еткен Арман Исмұратов ойыннан кейін әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында қызу талқыға түсті.

Жанкүйерлер таратқан ақпаратқа сәйкес, төреші матч аяқталған соң клуб өкілдеріне қатысты әдепке сай келмейтін сөздер айтып, қысым көрсеткен деген күдік туындаған. Сондай-ақ жанкүйерлерге де бейәдеп сөздер қолданылғаны жөнінде мәлімет тарады.

Осы жағдайға байланысты өңір басшысы мәселе назардан тыс қалмайтынын айтып, арнайы тексеру жүргізілетінін жеткізді.

Кешеден бері жергілікті «Елімай» футбол клубының жанкүйерлерінен көптеген арыз-өтініштер келіп түсіп жатыр. Көтерілген мәселелердің мән-жайын жан-жақты зерделеп, әділдік пен ашықтық қағидаттарының сақталуы үшін тиісті жұмыстар жүргіземіз. Осы мәселеге байланысты Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаровпен сөйлестім. Федерация басшысы барлық жайттың мұқият қаралатынын, арнайы комиссия құрылып, мәселе соңына дейін жеткізілетінін мәлімдеді. Әділеттілік жолындағы ұстанымымыз өзгермейді. Бұл мәселені бақылауда ұстаймыз, – деп жазды Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, осы жеңістен кейін «Ордабасы» турнир кестесіндегі көшбасшылығын сақтап қалды. Ал матчтан кейінгі төрешілікке қатысты дау футбол жанкүйерлері арасында кең талқыланып жатыр.

 

Фото: Берік Уәлидің әлеуметтік желідені парақшасынан