Марат Омаров Али Әлиевтің бас бапкерлік қызметінен кетуіне қатысты пікір білдірді

Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров Али Әлиевтің бас бапкерлік қызметінен кетуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Оның сөзінше, жаңа бапкердің кім болатынына қатысты шешімді команда елге оралғаннан кейін қабылдайтын болады.
«Спорттық бөліммен бірге бапкер таңдау мәселесін қарастырамыз. Бұл жерде экспат маман ба, әлде жергілікті бапкер ме дегенге баса назар аудармаймыз. Ең басты критерий – бапкердің кәсіби құзыреттілігі», - деді Марат Омаров баспасөз сұрақтарына жауап берген кезде.
Сонымен қатар, федерация президенті Али Әлиевтің қызметін бағалап, оның міндетін орындағанын атап өтті.
«Құраманың орташа жасы 25–26 аралығында. Дегенмен, нәтиже бізді толық қанағаттандырған жоқ. Сондықтан команда оралған соң кадрлық мәселелерді қарастырамыз. Бұл жерде келісімшарттық және заңдық шарттар да маңызды рөл атқарады», - деді Марат Омаров.
Осылайша, Қазақстан құрамасының бас бапкері мәселесінде федерация нақты әрі жүйелі тәсіл ұстанатынын білдірді.
Түнде футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Бельгиямен кездесіп, 6:0 есебімен есе жіберген еді.
Фото: ҚР футбол федерациясы


Ең көп оқылған
