«Манчестер Юнайтед» Рубен Аморимді бас бапкерлік қызметінен босатты
Англияның премьер-лига клубы «Манчестер Юнайтед» бас бапкер Рубен Аморимді қызметінен босатты, деп жазады malimsports.kz.
Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі ресми хабарлады.
Аморим командаға 14 ай басшылық жасап, оны Еуропа лигасының финалына шығарып, финалда «Тоттенхэмге» 0:1 есебімен жеңіліп қалған. Сондай-ақ, АПЛ-де команда өткен маусымда 15-орынды иеленген.
Аморимнің жетекшілігіндегі соңғы матч 4 қаңтарда «Лидспен» өтіп, 1:1 есебімен тең түсті. Осылайша, 20 турдан кейін МЮ АПЛ кестесінде 6-орында келеді.
Енді клубты Даррен Флетчер уақытша баптайды. Ол осы уақытқа дейін жастар құрамасын жаттықтырып келген еді. МЮ-ның келесі ойыны 7 қаңтарда «Бернлиге» қарсы өтеді.
The Athletic басылымының хабарлауынша, МЮ Аморимге 2027 жылға дейінгі келісімшарт бойынша барлық қаржысын төлейді.
Айта кетейік, осы айдың басында «Челси» Энцо Марескиді бас бапкерлік қызметтен босатқан болатын.
Фото: Getty Images
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған