457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Манчестер Юнайтед» 2022 жылдан бері алғаш рет АПЛ-де «Арсеналдан» басым түсті

«Арсенал» сапынан Микель Мерино 84-минутта бір голмен жауап қатты.

Ағылшын Премьер-лигасының (АПЛ) 23-туры аясында көш бастап тұрған «Арсенал» өз алаңында «Манчестер Юнайтедтен» 2:3 есебімен жеңіліп қалды, деп жазады malimsports.kz

Бұл - лондондық клубтың МЮ-дан 2022 жылдың қыркүйегінен бергі алғашқы жеңілісі болып отыр. Лондонда өткен матчта қонақтар сапынан Патрик Доргу (50-минут), Брайан Мбёмо (57) және Матеус Кунья (87) гол соқты. Сонымен қатар, 29-минутта қорғаушы Лисандро Мартинес өз қақпасына доп енгізді.
«Арсенал» сапынан Микель Мерино 84-минутта бір голмен жауап қатты.

Брайан Мбёмо бір маусымда «Арсеналға», «Манчестер Ситиге» және «Ливерпульге» гол соққан МЮ ойыншыларының қатарына қосылды. Бұған дейін мұндай нәтижеге клубта соңғы рет Маркус Рэшфорд (2022/23) және дебюттік маусымда Робин ван Перси (2012/13) қол жеткізген.

Қаңтар айында Рубен Аморимнің орнына тағайындалған Майкл Каррик «Манчестер Юнайтедті» қатарынан екінші жеңіске жеткізді (алдыңғы турда команда «Манчестер Ситиді» ұтқан). Қазіргі таңда МЮ турнир кестесінде төртінші орында тұр.

Айта кетейік, 2022 жылдан бері «Манчестер Юнайтед» «Арсеналды» тек бір рет - 2025 жылдың қаңтарында Англия кубогында пенальти сериясында жеңген болатын.

Фото: Getty Images