«Манчестер Сити» қақпашысы Эдерсон «Фенербахче» клубына ауысты
Танымал футбол инсайдері Фабрицио Романо хабарлаған мәлімет ресми түрде расталды. Түркияның «Фенербахче» клубы «Манчестер Сити» қақпашысы Эдерсонды қатарға қосқанын жариялады, деп хабарлайды malimsports.kz.
32 жастағы бразилиялық футболшы соңғы сегіз жыл бойы «Ман Ситидің» қақпасын қорғап келді. Ол 2017 жылы командаға қосылған еді. Енді тәжірибелі голкипер карьерасын Түркия чемпионатында жалғастырады. Клуб бұл туралы өзінің Instagram парақшасында хабарлады.
БАҚ деректеріне сүйенсек, трансфер құны 14 миллион еуро болған.
Айта кетейік, Эдерсонның ауысуы Джанлуиджи Доннарумманың жанкүйерлері үшін де жағымды жаңалық болды. Өйткені бұған дейін «ПСЖ» қақпашысы жаңа клубқа медициналық тексеруден өткені жайлы ақпарат тараған еді, бірақ ресми растама әлі жоқ.
Фото: әлеуметтік желі
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған