«Манчестер Сити» мен «Челси» Чемпиондар лигасында антирекорд орнатты
УЕФА Чемпиондар лигасы 1/8 финалының алғашқы матчтарында Англияның екі алыбы – «Манчестер Сити» мен «Челси» ірі есеппен жеңіліп, жарыс тарихындағы анти көрсеткіштің тіркелуіне себеп болды.
Манчестерлік клуб Мадридтің «Реалынан» 0:3 есебімен ұтылса, Лондонның «Челсиі» Францияның «Пари Сен-Жерменіне» 2:5 есебімен жол берді.
OptaJoe мәліметінше, Еуропа чемпиондар кубогы/УЕФА Чемпиондар лигасы тарихында алғаш рет бір күнде Англияның екі клубы үш және одан да көп доп айырмасымен жеңілген.
Айта кетейік, Чемпиондар лигасы 1/8 финалының алғашқы матчтарында ағылшын клубтарының ешқайсысы жеңіске жете алмады.
Алғашқы ойын күнінде «Ливерпуль» сырт алаңда «Галатасарайдан» 0:1 есебімен жеңілсе, «Тоттенхэм» мадридтік «Атлетикодан» 2:5 есебімен ұтылды. Ал «Арсенал» леверкузендік «Байермен» кездесуде 1:1 есебімен тең түсті.
Қарымта матчтар 17-18 наурыз күндеріне жоспарланған.
Биылғы Чемпиондар лигасының финалы 30 мамырда Будапештегі «Пушкаш Арена» стадионында өтеді.
Фото: «Челси» клубының баспасөз қызметі
Ең көп оқылған