Манчестер Сити Лига кубогын тоғызыншы рет иеленді
Манчестер Сити Англия лигасы кубогының финалында Арсенал клубын жеңіп, 2024 жылдан бергі алғашқы трофейіне қол жеткізді, деп жазады malimsports.kz.
Лондондағы Уэмбли стадионында өткен финалдық матч 2:0 есебімен аяқталды. «Сити» сапынан Нико О'Райли дубль авторы атанып, 60 және 64-минуттарда гол соқты.
Осылайша, команданың бас бапкері Хосеп Гвардиола Лига кубогын бес рет жеңіп алған алғашқы жаттықтырушы атанды.
«Манчестер Сити» бұл турнирде тоғызыншы рет топ жарып отыр (соңғы рет 2021 жылы жеңген). Ал «Арсенал» Лига кубогын тарихында екі мәрте (1987, 1993) иеленген.
Айта кетейік, Англия Премьер-лигасында «Арсенал» көш бастап тұр — олар Гвардиола командасынан 9 ұпай алда және бір ойын артық өткізген.
Бұл турнирдің рекордшысы - Ливерпуль. Олар Лига кубогын 10 рет жеңіп алған.
Фото: Getty Images
Ең көп оқылған