457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Манчестер Сити» клубының экс-ойыншысы қамауға алынды

Бұл туралы The Guardian басылымы хабарлады

«Манчестер Сити», «Ньюкасл» клубтарының және Англия құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Джоуи Бартон адамға шабуыл жасады деген күдікпен полиция тарапынан ұсталды. Бұл туралы The Guardian басылымы хабарлады, деп жазады malimsports.kz

Оқиға 8 наурыз, жексенбі күні кешкі сағат 21:00 шамасында Ливерпуль қаласындағы гольф-клуб маңында болған. Мерсисайд полициясы 43 жастағы Бартонды және тағы бір 50 жастағы ер адамды қасақана ауыр дене жарақатын келтірді деген күдікпен ұстаған.

Зардап шеккен адам беті мен қабырғаларынан жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. 10 наурыз күні полиция оқиға болған жерді қызметтік иттердің көмегімен тексеруді жалғастырды.

Liverpool Echo газетіне жергілікті тұрғындардың бірі жерде қан-жоса болып жатқан ер адамды көріп, жедел қызметке хабарласқанын айтқан. Көршілердің айтуынша, келесі күні полиция тротуардағы қанды жуып тазалаған.

Джоуи Бартон кәсіби мансабында Англия құрамасы сапында бір ғана матч өткізген. Ол әр жылдары «Манчестер Сити», «Ньюкасл», «Куинз Парк Рейнджерс», «Бернли», Францияның «Марсель» және Шотландияның «Рейнджерс» клубтарында ойнаған.

Футболдағы мансабын 2017 жылы аяқтаған. Ал 2018-2023 жылдары «Флитвуд Таун» және «Бристоль Роверс» клубтарында бас бапкер қызметін атқарды.