Мәзір
Футбол

Максим Самородов Солтүстік Македониямен ойынға қатыспайды

Сабина Асқарқызы 218 қаралым
Максим Самородов Солтүстік Македониямен ойынға қатыспайды

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородов 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі келесі ойында алаңға шықпайды.

Футболшы Лихтенштейнге қарсы өткен кездесуде екінші сары қағазын алып, келесі ойынға қатысу құқығынан айырылды.

Осылайша, Самородов 13 қазаннан 14-іне қараған түні Скопьеде өтетін Солтүстік Македонияға қарсы матчты өткізіп алады.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы соңғы ойында Лихтенштейнді өз алаңында 4:0 есебімен ойсырата жеңді.

Фото: ҚФФ

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар