Максим Самородов командасы туралы маңызды мәлімдеме жасады
Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородов Ресей Премьер-лигасының жаңа маусымында «Ахматтың» турнир кестесінің жоғарғы орындары үшін күресуге әлеуеті жететінін айтты, деп хабарлайды malimsports.kz.
Футболшының пікірінше, чемпионат фавориттерінің біріне қарсы сырт алаңда өткен сәтті ойын командаға жоғары мақсат қоюға толық негіз береді.
Неліктен «Ахмат» турнир кестесіндегі алғашқы бестік немесе алтылыққа таласа алмайды? Біз сырт алаңда қола жүлдегермен 1:1 есебімен тең ойнадық. Меніңше, бұл әбден мүмкін. Осы қарқынды жалғастыруымыз керек. Командама сенемін, – деді Максим Самородов.
Еске салайық, Ресей Премьер-лигасының жаңа маусымының алғашқы турында «Ахмат» сырт алаңда мәскеулік «Локомотивпен» 1:1 есебімен тең түсті.
Самородов кездесуді негізгі құрамда бастап, алаңда 68 минут өткізді. Ол гол соқпағанымен, шабуыл ұйымдастыруда белсенді ойын көрсетіп, команданың нәтижесіне өз үлесін қосты.
Фото: instagram/samorodov_10_
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған