457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Майкл Каррик «Манчестер Юнайтедтің» бас бапкері атанды

Каррик бұл қызметте Даррен Флетчерді алмастырды.

Ағылшындық маман клубпен маусым соңына дейін қысқа мерзімді келісімшартқа қол қойған, деп жазады malimsports.kz

Каррик бұл қызметте Даррен Флетчерді алмастырды. Флетчер «Манчестер Юнайтедті» небәрі бір апта ғана басқарды. Осы уақыт ішінде команда Англия Кубогында «Брайтонға» жол берген болатын.

Майкл Каррик «Манчестер Юнайтед» сапында 2006-2018 жылдар аралығында өнер көрсетіп, кәсіби футболшы ретіндегі мансабын дәл осы клубта аяқтады. 

Айта кетейік, Каррик 2018-2021 жылдар аралығында «Манчестер Юнайтедтің» негізгі командасының бапкерлік штабында жұмыс істеп, Жозе Моуринью мен Уле Гуннар Сульшердің көмекшісі болды. 2022-2025 жылдары ол «Мидлсбро» клубының бас бапкері қызметін атқарды.

«МЮ» ойыншысы ретінде ол Англия чемпионатын (АПЛ) бес рет жеңіп алып, сондай-ақ, Англия Кубогы мен Англия лигасының екі Кубогын иеленген.  Халықаралық аренада Майкл Каррик УЕФА Чемпиондар лигасын, Еуропа лигасын және клубтар арасындағы әлем чемпионатын ұтып алған.

Фото: sport24.ru