Мадридтік «Атлетико» ФИФА ұйымдастырған The Best – жылдың үздік ойыншысы атағына ұсынылған үміткерлер тізіміне наразы болды.
Клуб өкілдері бұл тізімде өздерінің көшбасшысы Хулиан Альварестің жоқтығына көңілдері толмайтынын жеткізді.
25 жастағы аргентиналық форвард үздік 11 ойыншы қатарына енбеген. Бұл жағдай «Атлетико» командасын қатты ренжіткен. Клубтың баспасөз қызметі әлеуметтік желідегі жазбасында былай деп пікір білдірді:
«2025 жылдың үздік ойыншысы атағына үміткерлер ме? Олар ештеңе түсінбейді! Сіз кімге дауыс бересіз?!» - деп жазды клубтың ресми парақшасы.
Айта кетсек, Альварес «Атлетико» сапындағы алғашқы маусымында 57 матчта 29 гол соққан. Ал биыл маусымда ол 14 кездесуде 9 мәрте көзге түсті.
ФИФА The Best марапатына дауыс беру 28 қарашаға дейін жалғасады.
Фото: Depositphotos.com/operations@newsimages.co.uk©