Луиш Нани Балалардың қорғау күнін отбасымен Өзбекстанда өткізді
«Ақтөбе» клубының шабуылшысы Луиш Нани отбасымен бірге Өзбекстанда өткізген демалысынан әсерлі сәттерді әлеуметтік желіде жариялады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Португалия құрамасының бұрынғы ойыншысы әрі «Манчестер Юнайтедтің» аңыздарының бірі Instagram парақшасында Ташкент қаласында түсірілген бейнежазбасын бөлісті. Кадрларда футболшының отбасы мүшелерімен бірге жергілікті аквариумды аралап, Magic Park ойын-сауық кешенінде уақыт өткізгені көрсетілген.
Бейне барысында Луиш Нани жұбайы мен балаларымен бірге түрлі аттракциондарға мініп, жергілікті тұрғындармен жүздесіп, мерекелік шараларға қатысқан.
Керемет естеліктер мен көңілді сәттер. Балаларды қорғау күніне арналған тамаша күн үшін рақмет! – деп жазды футболшы.
Фото: Скриншот
Бүгін қазақстандық клубтардың Еурокубоктағы алғашқы қарсыластары анықталады
Ең көп оқылған