Мәзір
Футбол

Лихтенштейн құрамасының бас бапкері баспасөз мәслихатын уақытында бастай алмады

Сабина Асқарқызы 58 қаралым
Лихтенштейн құрамасының бас бапкері баспасөз мәслихатын уақытында бастай алмады

Лихтенштейн ұлттық құрамасының бас бапкері Конрад Фюнфштюк «Астана Аренада» өткен матчтан кейінгі баспасөз мәслихатын уақытында бастай алмады.

2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Қазақстан – Лихтенштейн матчы алаң иелерінің 4:0 есебімен айқын жеңісімен аяқталды.

Матчтан кейін Конрад Фюнфштюктен ойын жайлы пікір сұралған, алайда залда аудармашы болмай шыққан. Неміс маманы журналистердің сұрағын қазақ немесе орыс тіліне аударып беруін өтінген, бірақ ол бірден жүзеге аспаған.

Біраз үзілістен кейін аудармашы залға кіріп, баспасөз мәслихаты жалғасын тапты.

Айта кетейік, аталған ойында Ғалымжан Кенжебек екі гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Ал Бақтиер Зайнутдинов пен Әлібек Қасым бір-бірден голмен көзге түсті.

Фото: ҚФФ

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар