457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ливерпуль жанкүйерлерін көлікпен басқан ер адам 20 жылға сотталды

Сот отырысында судья Эндрю Менари бұрынғы теңіз жаяу әскері болған айыпталушының үкім жарияланған сәтте ешқандай эмоция білдірмей, алға қарап отырғанын айтты.

Ливерпуль қаласында өткен футбол парады кезінде жанкүйерлер тобына көлікпен соққан ер адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды malimsports.kz.

BBC дерегінше 54 жастағы Пол Дойл 20 жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айырылып отыр. 

Сот отырысында судья Эндрю Менари бұрынғы теңіз жаяу әскері болған айыпталушының үкім жарияланған сәтте ешқандай эмоция білдірмей, алға қарап отырғанын айтты. Судьяның сөзінше, Дойлдың әрекеті адамдар арасында «қорқыныш пен дүрбелең туғызған», ал оның адам өміріне деген көзқарасы «ақылға қонымсыз немқұрайдылықты» көрсетеді.

Пол Дойл өзіне тағылған 31 айып бойынша кінәсін мойындады. Олардың қатарында қасақана ауыр дене жарақатын салу, қауіпті көлік жүргізу және төбелеске қатысу оқиғасы бар. Оқиға салдарынан әртүрлі жастағы адамдар зардап шеккен, олардың ішінде ересек әйел мен алты айлық сәби де болған.

Үкім шығару кезінде судья «Сіздің келтірген зияныңыздың ауқымын сөзбен жеткізу қиын, тіпті мүмкін емес. Бейнежазбаларда сіздің жанкүйерлер тобына қайта-қайта әдейі соғылғаныңыз анық көрінеді. Сіз адамдарды қағып, балалар арбаларын жаншып, айналадағы жұртты үреймен қашуға мәжбүрледіңіз. Жоғары жылдамдықпен алға ұмтылып, адамды бірінен кейін бірін басып өттіңіз», - деп мәлімдеді.

Судьяның айтуынша, Дойл екі минуттың ішінде көлігімен 100-ден астам адамды қағып, «түсініксіз әрі тоқтаусыз ашу үстінде» әрекет еткен. Ол тек кездейсоқ өтіп бара жатқан азамат көлікке мініп, оны тоқтатуға қол жеткізгеннен кейін ғана тоқтаған.

Еске салсақ, бұл оқиға мамыр айының соңында «Ливерпуль» футбол клубының Англия Премьер-лигасындағы жеңісін тойлау кезінде болған. Кешкі сағат 18:00 шамасында жеңіл көлік жаяу жүргіншілер тобына соғылып, полиция күдіктіні бірден ұстаған.

Куәгерлердің айтуынша, көлік жоғары жылдамдықпен келіп, адамдарды жан-жаққа қағып өткен. Нәтижесінде 47 адам жарақат алып, олардың 20-сы ауруханаға жеткізілген, зардап шеккендердің арасында балалар да бар.

Фото: Getty Images