457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Лионель Мессидің әкесі қайтыс болды

Хорхе Мессидің нақты неден қайтыс болғаны әзірге айтылған жоқ.

Сегіз дүркін «Алтын доп» иегері Лионель Мессидің әкесі Хорхе Месси 68 жасында Аргентинаның Росарио қаласындағы ауруханада ұзаққа созылған дерттен кейін қайтыс болды. Бұл туралы Infobae хабарлады, деп жазады malimsports.kz

Хорхе Мессидің нақты неден қайтыс болғаны әзірге айтылған жоқ.

Ол ұлының бүкіл кәсіби мансабы бойы оның агенті қызметін атқарды.

2026 жылғы әлем чемпионаты кезінде 39 жастағы Лионель Месси Алжирге қарсы алғашқы матчтан (3:0) кейін өзінің бірнеше қиын күнді бастан өткергенін айтқан еді. Сол кездесуде аргентиналық футболшы хет-трик жасап, есеп ашқаннан кейін футболға қатысы жоқ себеппен жылағанын жеткізді.

Бірнеше күннен кейін Мессидің отбасы мәлімдеме жасап, Хорхе Мессидің дәрігерлердің бақылауында екенін және денсаулығына байланысты ем қабылдап жатқанын хабарлаған. Отбасы оның жағдайы тұрақталып, оң нәтижелер байқалып жатқанын айтқан еді.

Фото: Getty Images